ОҚО-дағы ғылыми конференцияға 600-ге жуық фермер қатысты

874

ОҚО-дағы ғылыми конференцияға 600-ге жуық фермер қатысты

Биыл Қазақстан фермерлер одағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осыған орай ОҚО-да ғылыми конференция ұйымдастырылып, жиынға республикалық фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дәрінов, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының директоры Асқар Әбубакиров пен өңірдің барлық аудандарынан 600-ге жуық фермер қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жиын барысында облыстың түкпір-түкпірінен жиналған фермерлер өздерінің талап-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, сарығаштық фермерлер жанар-жағармай бағасының күн санап шарықтап бара жатқандығын айтса, мақтаралдық диқандар бақша дақылдарына да субсидия берілсе деген ұсыныстарын айтты.  Ал түркістандық шарауалар агро саланы қаржылай қолдайтын "Агробанк" құрылса деген ұсыныс білдірді. Конференцияда айтылған барлық ұсыныстар фермерлер одағында  сарапталып, жауапты мемлекеттік органдарға хатпен жолданатын болады.          

Шара соңында еңбегімен көзге түскен өңір фермерлері ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төс белгісімен және құрмет  грамотасымен  марапатталды.

Бүгінде фермерлер одағының еліміздің 8 облысында филиалдары мен 5 облысында өкілдіктері жұмыс істейді. Одаққа 10 мыңнан астам фермер біріккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу