ОҚО мен Жамбыл облыстарына шегірткеден қауіп бар - ҚР АШМ

825

ОҚО мен Жамбыл облыстарына шегірткеден қауіп бар - ҚР АШМ

Биыл ОҚО мен Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткенің жаппай таралу қаупі бар. Бұл туралы үкімет отырысында фитосанитариялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы баяндаған ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты.

Осыған байланысты аталған өңірлерде мароккалық шегірткеге қарсы 639,6 мың гектар (Оңтүстік Қазақстан облысында 340,9 мың гектарды, Жамбыл облысында 298,7 мың гектарды) алқап өңделеді.

"Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекаралас аумақтардан үйірлі шегіртке тектестердің ұшып келуінің уақтылы алдын алу мақсатында, министрлікпен  үйірлі шегіртке тектестермен күресу ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. РФ-мен 2018 жылға бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді. Жеміс ағаштарының күйігін (ошақтардың 150,3 гектарға көбеюі) қоспағанда, карантиндік объектілер бойынша, жалпы алғанда, карантиндік объектілермен зақымдалған жерлердің 2015 жылы 248,54 мың гектардан 2018 жылы 123,63 мың гектарға азайғаны байқалады. 2018 жылы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жоспары қазанда бекітілді, бұл толықтай ветеринариялық препараттарды аудандарға дейін тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді уақтылы сатып алуға мүмкіндік берді", - деді  вице-министр баяндамасында.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу