ОҚО Сарыағашта ауданында 13 тұрғынүй пайдалануға беріледі

1002

 ОҚО Сарыағашта ауданында 13 тұрғынүй пайдалануға беріледі

Биыл ОҚО Сарыағаш ауданында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты 13 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үй кезегінде тұрған 585 отбасы баспаналы болмақ. Осы жұмыстарға деп қазынадан 5 млрд 278 млн теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа пәтерлер негізінен әлеуметтік көмекке зәру азаматтарға үлестіріледі. Олардың қатарына мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар және жаңадан отау құрған жастар кіреді.

Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен "Ынтымақ Бес-арыс" ЖШС, "Олжа" ЖШС, "Аркуа групп" ЖШС, "Дәулет" ЖШС, ТСК-Рабат ЖШС, Балта-сапар ЖШС айналысады.

Айта кетейік, демографиялық өсу қарқыны жоғары ауданда соңғы 40 жылда мұндай көлемде баспана салынбаған.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданында да жалпы сомасы 2415,9 млн теңгеге көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның  1863,5 млн теңгесі облыстық, қалғаны республикалық қазынадан бөлінген. Жоспар бойынша нысандардың құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады. Нәтижесінде 256 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Қазіргі таңда аудандағы тұрғын үй кезегіне 1482 азамат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу