Оксфорд университетінің баспа бөлімі 2025 жылдың сөзі ретінде "рейджбейт" (rage bait) терминін таңдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Rage bait – әдетте белгілі бір веб-бетке немесе әлеуметтік желідегі аккаунтқа трафик пен назар тарту үшін жарияланатын, әдейі ашу-ыза немесе наразылық тудыруға бағытталған, арандатушылық немесе қорлайтын мазмұн.
"2025 жылғы жаңалықтар легінде әлеуметтік толқулар, онлайн-контентті реттеу туралы пікірталастар және цифрлық әл-ауқатқа қатысты алаңдаушылықтар басым болды. Біздің сарапшылар биыл rage bait сөзінің қолданылуының өзгергенін байқады, бұл – интернеттегі белсенділік және этика туралы әңгімелердің өзгеріске ұшырағанын көрсетеді", – делінген Оксфорд университеті баспасының (Oxford University Press) хабарламасында.