Оқу-ағарту министрі Ақтаудағы колледждердің жұмысымен танысты

174

Студенттердің инновациялық жобалары көрсетілді.  

Оқу-ағарту министрі Ақтаудағы колледждердің жұмысымен танысты Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтау қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметімен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде болып, оқу-өндірістік база, заманауи зертханалар және өндірістік оқыту шеберханаларын аралады.

Сапар барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу және жұмыс берушілермен әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар колледж студенттері мен оқытушыларының инновациялық және өндірістік жобалары таныстырылды.

Министр оқу орындарының ұжымдарымен және студенттермен пікір алмасып, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу