Жұлдыз Сүлейменова азаматтарды қабылдап, білім беру саласына қатысты өтініштер мен ұсыныстарды қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қабылдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды әлеуметтік қолдау, олардың оқу шығындарын өтеу, жұмыспен қамту және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ педагогтерді жұмысқа орналастыру, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен еңбекақы төлеу мәселелері көтерілді.
Бұдан бөлек, азаматтар мен қоғамдық ұйым өкілдері инклюзивті білім беруді дамыту, оның ішінде аутизм спектрі бұзылыстары мен менталдық ерекшеліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.
Қабылдау қорытындысы бойынша министр тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалар беріп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді жеке бақылауына алды.