Оқу-ағарту министрлігі "Алтын белгі" беру туралы бұйрыққа өзгеріс енгізбек

648

11-сынып түлектері халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жағдайда қорытынды аттестациядан босатылуы мүмкін.  

Оқу-ағарту министрлігі "Алтын белгі" беру туралы бұйрыққа өзгеріс енгізбек Фото: inbusiness.kz

Жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқушылар және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткерлер қажет болған жағдайда қорытынды емтихандардан босатылып, үздік белгісін алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұған дейін "Алтын белгіге" үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қорытынды аттестация кезінде жазғы оқу-жаттығу жиындарында болып, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға дайындалып, емтихан тапсыра алмаса, автоматты түрде "Алтын белгі" белгісінен айырылатын. Енді түлектер оны ала алады. Ол үшін "үздік" деген баға болуы керек. Қазір дарынды балаларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл өзгеріс те балалардың мүддесі үшін қабылданды", - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Биыл Президенттің тапсырмасымен халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы алғаш рет 76 млн теңгеден астам сыйақы алды. Сондай-ақ оқушылар жергілікті жоғары оқу орындарына оқуға грант иеленді. Алтын медаль алған оқушы 1 500 АЕК, күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде сыйақы алды. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған тәлімгер ұстаздар да бірреттік сыйақыға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу