Оқу-ағарту министрлігі балабақшаларды лицензиялауға қатысты сынға жауап берді

666

Әлеуметтік желілерде бұл күндері балабақшаларды лицензиялау мәселесі белсенді талқылануда. 

Оқу-ағарту министрлігі балабақшаларды лицензиялауға қатысты сынға жауап берді

Біреулер балабақшаларды тез арада лицензиялауды бастау керек деп жазады, бүлдіршіндердің құқықтарын бұзуға жол бермеу керек, біреулері мемлекет лицензиялауды енгізе отырып, мектепке дейінгі білім беруде жеке бизнестің дамуына кедергі келтіреді, лицензиялау жекеменшік балабақшалардың жабылуына әкеледі деп санайды.

Бұған қатысты Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Егер балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жиі кездесетін жағдайларын ескере отырып, балалардың құқықтарын қорғауға келісуге болса және ол қажет болса, соңғысы лицензиялауды енгізудің нақты себептеріне мүлдем сәйкес келмейтінін әділ атап өткен жөн. Мұны балалардың барлық ата-аналары және бүкіл қоғам түсінеді. Шын мәнінде, мемлекет балабақшаларды жабу міндетін қоймайды, лицензиялау мұндай салдарға әкелмейді. Оның мемлекеттік мекемелерге де, жекеменшік мекемелерге де қатысы бар, керісінше, мемлекет мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына барлық жағдай жасап отыр және жасайды да", – деді вице-министр.

Тек биылғы жылы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында үш жүзден астам балабақша ашылған, олардың жартысынан көбі жекеменшік. 

"Екіншіден, мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда осы жылдар ішінде бірыңғай әдістеме бойынша мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырудың бірыңғай тетігі іске асырылуда. Бұл ретте, осы саладағы қызметтерді қолдау үшін 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс әдістемесіне мемлекеттік тапсырыс құрылымында жалақыны 25%-ға арттыруға, педагогтердің демалыс ұзақтығын 56 күнге дейін ұлғайтуға және т.б. арналған қаражат көлемін көздейтін өзгерістер енгізілді және бұл шараларға республикалық бюджеттен қомақты көлемде қаржы бөлінді", – деп атап өтті Шолпан Каринова. 

Вице-министрдің айтуынша балабақшаларды лицензиялау және жұмыс істеуі кезеңінде аттестаттау жүйесі арқылы тексеру керек. Сонымен қатар осы функцияларды іске асыру кезінде мемлекет екі тараптың тікелей байланысы тәуекелін барынша азайткен, өйткені рәсімдер нысандарға бармай-ақ жүргізіледі.

"Балабақшалардың жұмыс істеу шарттары мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік балабақшаларда да бірдей болуы тиіс, өйткені екі жерде де біздің балалар тәрбиеленеді, біздің педагогтар жұмыс істейді", – деді спикер.

Мектепке дейінгі білім – қазіргі уақытта лицензияланбайтын жалғыз білім деңгейі. Лицензиялау тексеру тетігі ретінде 2011 жылға дейін жүргізіліп келді. Қазір бұл процедураны қайтару қажеттілігі туындады, өйткені балаларға қатысты көптеген резонанстық жағдайлар ата-аналар мен қоғамды әділеттілікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр етті. Бұл қоғамның сұранысы.

"Бұл жағдайда лицензия дайындықты растау құралы ретінде балабақшаны ашу кезінде балалардың жағдайын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте біліктілік талаптары әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты балалар үшін қажетті жағдайлардың ең аз жиынтығын қамтитын болады: тиісті педагогтердің, бейнекамералардың, оқу материалдарының болуы, санитариялық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі, меншікті немесе жалға алынған ғимараттың болуы", – деді Каринова. 

Осылайша, лицензиялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ. Алдымен заңдарға, басқа да заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізіледң. Бірінші кезеңде жаңадан ашылған мектепке дейінгі ұйымдар лицензиялауға жатады, ал бұл жылына шамамен 200 бірлік. Содан кейін лицензиялау қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жұмыс істеп тұрған ұйымдар үшін көзделген. Олардың саны да аз, жылына 1-2% немесе 10-15 балабақша. Басқа барлық жұмыс істеп тұрған балабақшалар тәуекелдерді бағалау негізінде лицензия алады. Балабақшаға бармай-ақ, қауіпті жағдайлар Ұлттық білім деректері базасы арқылы  автоматтандырылған жүйеде анықталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу