Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын қысқартады

466

Ендігі кезекте білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады.    

Оқу-ағарту министрлігі бюджет шығындарын қысқартады Фото: gov.kz

Сала басшысы Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалары, оның ішінде білім саласындағы бюджетті үнемдеу мақсатында Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, министрлік шығындарды азайтуға кірісті.

Ендігі кезекте білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады. Соның аясында, есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, тек білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады.

Бұған қоса кездесуде өңірлердегі кризистік менеджменттің сапасы, бала қауіпсіздігі министрліктің үнемі бақылауында екені айтылды.

Министр мектептердегі техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау, күзет қызметі, оқушылар арасындағы психологиялық климаттың толық бақылауда болуы керектігін жеткізді.

Өңірлік басқарма басшыларына жергілікті жерде жедел әрі батыл шешімдер қабылдауды жүктеді. Ата-аналармен кері байланыс орнату мектептегі қауіпсіздік экожүйесінің ажырамас бөлігі екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу