Оқу-ағарту министрлігі челлендж-эстафета жариялады

113

Елімізде 13-23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған онкүндік өтеді.  

Оқу-ағарту министрлігі челлендж-эстафета жариялады Фото: almatylibrary.kz

Шара аясында Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспалар арасында "Мен ұсынған 7 кітап" челлендж-эстафетасын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны дәріптеу", – делінген хабарламада.

Челлендж-эстафетаға қатысушы баспалар қорларынан оқырман қауымға ұсынуға лайықты 7 кітапты іріктеп, оларды ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.

Министрлік хабарлауынша, бұл бастамаға кез келген азамат қатыса алады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде сүйікті кітаптары туралы ұсыныстарын жариялап, ол кітаптардың маңызы туралы өз ойларымен бөлісе алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу