Оқу-ағарту министрлігіне жаңа функциялар жүктелді

78

Үкімет қаулысымен Оқу-ағарту министрлігінің функциялары кеңейтілді.  

Оқу-ағарту министрлігіне жаңа функциялар жүктелді Фото: gov.kz

Ведомоствоға білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын, жалпы білім берудің барлық деңгейіндегі бағдарламаларды, сондай-ақ техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қабылдау тәртібін бекіту жүктеліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған тізімге олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернаттар мен колледждер, сондай-ақ спортқа бейім дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық және астаналық мектеп-интернаттар кірмейді.

Сонымен қатар ведомство білім беру саласындағы өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеп, бекітумен айналысатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу