Оқу ақысын шарықтатқан университетте тексеріс басталды

715

Атыраудағы білім ордаларының бірі оқу ақысын шектен тыс шарықтатып жіберді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оқу ақысын шарықтатқан университетте тексеріс басталды

Салдарынан үш мамандық бойынша білім алып жүрген студенттер әдеттегіден 60 пайызға артық ақы төлеуге мәжбүр.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысындағы департаменті осылай деп мәлімдеді.

Бүгінде іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Оқу орнының кінәсі дәлелденсе, мекеме бір жылдық кірісінің шамамен 3-5 пайызы көлемінде айыппұл арқалайды.

Ал Халел Досмұхамедов атындағы университет басшылығы бұл айыпты негізсіз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу