"Оқу ақысын төлеуге жинаған": Ақтөбелік студент алаяқтарға 10 млн теңгесін аударып жіберді

361

Алаяқтар өзін байланыс операторы мен банк қызметкері ретінде таныстырған.

"Оқу ақысын төлеуге жинаған": Ақтөбелік студент алаяқтарға 10 млн теңгесін аударып жіберді Фото: 42.notariat.ru

Ақтөбеде екінші курс студенті интернет-алаяқтарға алданып, 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол бұл қаражатты оқу ақысын төлеу үшін депозитке жинаған.

Алдымен студентке белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Ол SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту сылтауымен қыздың сеніміне кірген.

Кейін оған өзін банк қызметкері деп таныстырған тағы бір адам хабарласып, белгісіз біреулер оның атына несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқанын айтқан. Алаяқтар ақшасын қорғау үшін оны "қауіпсіз шотқа" аудару керектігін жеткізген.

Олардың сөзіне сенген студент депозиттегі ақшасын шешіп алып, көрсетілген шотқа 10 млн теңгеге жуық қаражат аударған. Ақшаны жібергеннен кейін ғана алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.

Полиция азаматтарға белгісіз адамдардың нұсқауымен ақша аудармауға және "қауіпсіз шот" туралы хабарламаларға сенбеуге кеңес береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу