Оқу оқи жүріп жұмыс іздейтін студенттер саны артып барады

1391

Оқу оқи жүріп жұмыс істейтін студенттер саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы HeadHunter жұмыс іздеу онлайн-платформасынан хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқу оқи жүріп жұмыс іздейтін студенттер саны артып барады

Аталмыш платформаның зерттеуіне қарағанда, 18-22 жас аралығындағы ізденушілер саны былтырғыдан 39%-ға артқан.

Жалпы жұмыс іздеушілердің 34%-ы студенттер болған.

Зерттеу көрсеткендей, елдегі студенттер орташа есеппен 170 мың теңге жалақы алады.

Сонымен бірге төмендегі кәсіп түрлеріне жиі іздеу жүргізіледі:

1. Сатушы-консультант, Сатушы-кассир (13,4%)

2. Курьер (6,7%)

3. Сату жөніндегі менеджер, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер (5,9%)

4. Даяшы, бармен, бариста (4,6%)

5. Несие маманы (4,3%)

6. Әкімші (4%)

7. Жүргізуші (3,9%)

8. Мұғалім, оқытушы, педагог (3,6%)

9. Call-орталықтың операторы, байланыс орталығының маманы (3,1%)

10. Есепші (2,3%)

Ал маляр, зоотехник, дәнекерлеуші, аула сыпырушы және автожуушы мамандықтары сирек (2%-дан кем).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу