Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз қауіпсіздік талаптарын бұзған болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқыс оқиға Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімі жеке құрамымен жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес оқу атысын өткізу барысында болған.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі аталған жайт 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында тіркелгенін мәлім етті.
– Қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан 2-2025 шақырылымының мерзімді әскери қызметкері қатардағы Г АК-74 автоматы арқылы сол жақ аяғына жанай оқ тигізіп, өзіне жарақат салған. Оқиға орнында оған қажет медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Әскери қызметкердің жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіпті мүшелер зақымданбаған, – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс басталды.