"Оқу түсуге көмектесемін": Өскеменде талапкерден 3 млн теңге алған күдікті ұсталды

126

Алайда уәдесін орындамаған.     

"Оқу түсуге көмектесемін": Өскеменде талапкерден 3 млн теңге алған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Өскеменде медициналық университетке оқуға түсіруге көмектесемін деп талапкерден 3 млн теңге алған ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, күдікті талапкерге жалған есімін айтып, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және оны университетке қабылдатуға ықпал ететінін уәде еткен. Оның сөзіне сенген жас жігіт құжаттары мен 3 млн теңгесін берген.

Алайда уәде етілген көмек көрсетілмеген. Құжаттар университетке тапсырылмай, талапкер оқуға түсе алмаған. Ал күдікті алған ақшаны қайтармаған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу