Оқу үлгерімін жақсартамын деп студенттерді алдаған азамат 3 жыл 9 айға сотталды

222

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлім етті.  

Оқу үлгерімін жақсартамын деп студенттерді алдаған азамат 3 жыл 9 айға сотталды Фото: ЖИ

Ақтауда студенттерге оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесемін деп уәде еткен азамат 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысының прокуратурасы мәліметінше, 2026 жылғы 24 маусымдағы Ақтау қалалық сотының үкімімен азамат Д. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Сотта анықталғандай, ол Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.

Осы сылтаумен студенттердің 90 мыңнан 1 млн теңгеге дейінгі ақшасын иемденген. Алайда уәде еткен міндеттемелерін орындамай, алынған қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

Прокуратура жаңа оқу жылы қарсаңында азаматтарды баға қойып беруді, емтиханнан өткізуді немесе оқу процесіне қатысты басқа да мәселелерді шешуді ұсынатын адамдарға сенбеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу