Оқу жетістігін сырттай бағалау қолданыстан алынып тасталады

1076

Оқу үлгерімі нашар оқушыларға арналған каникулдық онкүндік және жазғы мектеп бағдарламасы іске қосылады. 

Оқу жетістігін сырттай бағалау қолданыстан алынып тасталады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында оқушылардың біліміндегі олқылықтың орнын толтыру жұмысы атқарылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"PISA-2018 нәтижесі ауылдық және қалалық мектептер, сондай-ақ өңірлер арасында білім сапасында алшақтық бар екенін көрсетті. Осыған байланысты кешенді шара, атап айтқанда тірек мектептер, ресурстық орталықтар ауыл мектептеріне әдістемелік көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық мектептер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс істейді. Сондықтан орта білім беруді сырттай бағалау моделі жетілдірілді. Енді, қолданысқа оқу жетістігін сырттай бағалаудың орнына білім алушылардың білім жетістігін мониторингтеу жүйесі енгізіледі", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, бұған дейін оқу жетістігін сырттай бағалау функционалдық сауаттылықты емес, пәндік білімді өлшеу арқылы жүргізілген.

Белгілі болғандай, білім беру мониторингіне Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің 4-9 сыныптарының оқушылары қатысады. Колледждерде білім жетістігін мониторингтеу жүйесі жалпы білім беретін пәндер бойынша 2 курс студенттерінің функционалдық сауаттылығын және кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша 3 курс білім алушыларының функционалдық сауаттылығын бағалайды.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу