Оқушы сөмкесін планшетке ауыстыру қаншалықты тиімді?

768

Осыған дейін әр педагогтің цифрлық портфолиосы және оқушылардың цифрлық профилі енгізілетінін жазған болатынбыз. 

Оқушы сөмкесін планшетке ауыстыру қаншалықты тиімді? Фото: google

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2023 жылы 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысын сервистік модель арқылы планшеттермен қамтамасыз етуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

"Әріптесім Асхат Қанатұлы ұсынғандай, "Ауыр рюкзактар" мен мектептердегі цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері планшет қолдану арқылы кешенді шешімін табуы мүмкін. Планшеттер цифрлық оқулық ретінде немесе үйден онлайн білім алу құралы ретінде қолдануға оң әсерін тигізеді", – деді ол Үкімет отырысында.

Ведомство басшысы Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркияның мектептерінде бұл әдістің жақсы нәтиже бергенін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл оқушыларға шығармашылық пәндер бойынша өз контентін жасауға мүмкіндік бермек.

"Ұсынылып отырған механизмнің бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда, сервистік модельді пайдалану тікелей сатып алуға қарағанда бастауыш сыныптарда 4 жылға арналған келісімшарт сомасын бөлу есебінен бюджетке жүктеме азаяды. Екіншіден, планшеттерді жалға беру қызметінен басқа, оқушылар үшін арнайы тарифпен мобильді интернет, планшеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін сервистік қызмет сатып алынады. Сондай-ақ рұқсат етілген онлайн ресурстар тізімі, яғни "ақ интернет" қашықтан жаңартылып отырады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу