Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды

205

Қазақстан мектептерінде оқу жылындағы ең ұзақ үшінші тоқсан аяқталуға жақын.

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды Фото: canva.com

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, 2025-2026 оқу жылына арналып бекітілген оқу және демалыс кестесіне сәйкес, үшінші тоқсан 8 қаңтарда басталып, 10 аптаға созылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көктемгі каникул 19 наурызда басталады. Бұған дейінгі демалыс кезеңдері 7 және 10 күнге созылса, бұл жолы оқушыларға 11 күн демалыс беріледі. Балалар сабаққа 30 наурызда қайта оралады.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына жалғасып, 25 мамырда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу