Оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылады

97

Министрлік бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізбек.

Оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылады Фото: Үкімет

2027 жылы 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығару, 10-11 сыныптарға арналған оқулықтарды өзектендіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ведомство басшысы 2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылатынын жеткізді. 2027 жылы 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығару, карталарды, тарихи және әкімшілік материалдарды толық ауыстыра отырып, 10-11 сыныптардың оқулықтарын өзектендіру жоспарланып отырғаны белгілі болды. Ал 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығарылмақ.

"Дәл осы тәсіл оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуге, олардың аналитикалық және ғылыми ойлауын дамытуға, сондай-ақ қазіргі экономикада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, білім беру жүйесі Мемлекет басшысының алға қойған жаһандық ғылыми-технологиялық өзгерістер жағдайында лайықты бәсекелесе алатын технологиялық ұлт қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндетін дәйекті түрде жүзеге асыратын болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Бұдан бөлек өндірісте теориялық дайындық пен кәсіби дағдылардың тиімді үйлесімін қамтамасыз ететін дуальды оқыту жүйесін күшейте отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше назар аударылады.

Тәрбие жұмысы 5-9 сыныптарды қамтитын "Адал Азамат" Бірыңғай бағдарламасын, "Конституция негіздері", "Заң мен тәртіп" курстарын, экологиялық білім беруді енгізу арқылы күшейтіледі, бұл азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, әлеуметтік және экологиялық құзыреттерді қалыптастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу