"Директор мен мұғалім жұмыстан босатылды": Мектеп оқушылары сабақ үстінде карта ойнаған

179

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқушылардың сынып ішінде карта ойнап отырған видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жұртшылықтың талқысына түсті.

"Директор мен мұғалім жұмыстан босатылды": Мектеп оқушылары сабақ үстінде карта ойнаған Фото: бейнежазбадан

Түркістан облыстық Білім басқармасының мәліметінше, бұл жағдайды ведомство мамандары өздері анықтап, жедел түрде тексеріс жүргізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Арнайы құрылған топ мектептегі ахуалды толық зерделеп, білім беру талаптарының сақталмағанын және бірқатар кемшіліктерге жол берілгенін анықтаған.

Оқиғаға байланысты жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, мектеп директоры мен пән мұғалімі өз еркімен қызметтен кеткен. Сондай-ақ, тәрбие ісіне жауапты орынбасар қызметінен босатылған.

Басқа да әкімшілік қызметкерлер еңбекке жарамсыздық мерзімі аяқталған соң қызметтерінен шеттетіледі деп күтілуде.

Құзырлы орган мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бақылау күшейтілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу