Оқырмандар Вишневскаяны Универсиаданың ең үздік спортшысы деп атады

1021

Оқырмандар Вишневскаяны Универсиаданың ең үздік спортшысы деп атады

Vesti.kz  сайты оқырмандар арасында  Алматыда өткен Қысқы универсиадада өнер көрсеткен еліміздің спортшылары арасынан үздіктерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізген болатын.
Бұл атаққа жарыста жүлде алған  10 спортшы үміткер болды.  Бірінші орынды 42 пайыз дауыс жинаған биатлоншы Галина Вишневская еншіледі. Одан кейін фристайлшы Жанбота Алдабергенова (20 пайыз) және мәнерлер сырғанаушы Денис Тен (14) тұр.
Универсиадада Вишневская екі алтын және екі күміс медальді жеңіп алды. Алдабергенованың еншісінде – "алтын" мен "қола", ал Тенде "алтын" бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу