"Ол жағдайды толық бағалай алмады": сотта Байжановтың қорғаушысы сөйлеп жатыр

1067

Астанада Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 

"Ол жағдайды толық бағалай алмады": сотта Байжановтың қорғаушысы сөйлеп жатыр Фото: видео скриншот

Сот жарыссөзінде екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев  сөз алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қорғаушының айтуынша, Байжанов Нүкенованы бір-ақ рет көрген және оның жағдайын толық бағалай алмаған.

"9 қараша күні таңғы сағат 10:00-де Байжанов Салтанаттың жанында жалғыз болған. Этикалық себептерге байланысты ол оның бетін де, денесін де көре алмаған. Өйткені, ол жамылған көрпе үнемі сырғып кетіп, Нүкенованың жалаңаш денесі көрініп қалған. Салтанатты тексеру үшін қандай тәкаппар, ұятсыз арсыз болуы керек. Қандай менталитет болғаны маңызды емес. Тәрбиелі адам күйеуінің көзінше жартылай жалаңаш әйелге қарай ма", – дейді адвокат.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов Бишімбаевтың туысы және Нүкенова өлі табылған гастроцентр директоры болған.

Оған аса ауыр қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу