Олег Крук: Екібастұзда тұрғындардың өздігінен әрекет етуі станцияға шығын келтіріп отыр

403

Аймақ басшысы қазіргі таңда "Су арнасы" мен ЖЭО жағдайды ретке келтірудің жолын іздестіріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Олег Крук: Екібастұзда тұрғындардың өздігінен әрекет етуі станцияға шығын келтіріп отыр Фото: Константин Шелков

Жедел штаб өткізген брифингте Павлодар облысы әкімінің м.а. Олег Крук жөндеу жұмыстарына қатысты соңғы жаңалықтармен бөлісті.

"Бригадалар саны жеткілікті, күні-түні жұмыс істеуде.Тұрғындар күтпей-ақ өздігінен әрекет етуге тырысады және осылайша станцияға үлкен шығын келеді. Жылу болмаған соң адамдардың ашулы екені, алаңдайтыны түсінікті, бірақ мұндай әрекет жақсылыққа әкелмейді. Қазіргі таңда "Су арнасы" мен ЖЭО бірлесіп, суды толықтыруды қалыпқа келтіру, станцияға судың келуін арттыру жолын іздестіріп жатыр", - деді Олег Крук.

Оның айтуынша, тұрғындардың қатып қалған құбырларды өздігінен қыздыруы оның жарылуына әкеледі. Себебі, жиналып қалған бу сыртқа шығуы тиіс. Осыған байланысты ПИК-тердің жұмысы бақылауға алынады.

"Себебі, бүгін түнде бақылаудың жоқтығы көрінді. Бір адам бастап еді, енді қалғандары да солай әрекет етуде. Бүгінде жылу-электр орталығының жұмысын қалыпқа келтіру, оның тоқтап қалуына жол бермеу міндеті тұр. Желілік ыстық суды алып,  құбырларды жылыту үшін пайдалануға, ішкі жылыту жүйесінен кәрізге желілік суды ағызуға қатаң тыйым салынады. Мұның бәрі станциядағы жағдайды нашарлатады", - деді Олег Крук.

Облыс әкімінің м.а. мұндай жағдайда барлық ақпарат жиналатын Call-орталыққа, тұрғын үй инспекциясына хабарласуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу