Олеся Кексель үйқамаққа алынған – Бас прокуратура

411

Сотқа дейінгі тергеу басталған.

Олеся Кексель үйқамаққа алынған – Бас прокуратура Фото: almaty.tv

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексельдің ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. "Азаптау" бабы бойынша тергеліп жатыр. 

"Жуырда соттың санкциясымен оған қатысты 2 айға үйқамақта ұстау шешімі шығарылды", – деді Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Бас прокуратура Татубаев пен Кексель әртүрлі қылмыстық істер бойынша тергеліп жатқанын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу