Ольга Рыпакова "Гауһар лигасының" кезеңінде жеңімпаз атанды

964

Ольга Рыпакова "Гауһар лигасының" кезеңінде жеңімпаз атанды

Үш аттап секіруден олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Цюрихтегі "Гауһар лигада" жеңімпаз атанды, деп хабарлайды vesti.kz.

Рыпакова төртінші мүмкіндігінде үздік нәтиже көрсетті – 14,55 метр. Екінші орынды Венесуэла атлеті Юлимар Рохаз алды – 14, 52 метр. Ал үшінші орында Колумбия өкілі – Катерина Ибаргуэн (14,48 метр).

Еске салайық, отандасымыз Лондонда жеңіл атлетикадан тамыз айында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді. Қазақстандық сол кезде 14,77 метрге секіріп, маусымдағы үздік көрсеткішке қол жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу