"Олимп" БК-дан ұшақтар мен 3,6 млрд теңге тәркіленді

920

Алмалы аудандық соты Алматы қаласы прокурорының "Олимп" букмекерлік кеңсе басшыларының мүлкін тәркілеу туралы өтінішін қанағаттандырды. 

"Олимп" БК-дан ұшақтар мен 3,6 млрд теңге тәркіленді

"Сот актісі 3,6 млрд теңгені, төрт ұшақ пен үш автокөлікті мемлекет кірісіне айналдырды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғанын сотта дәлелденді",– деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы, inbusiness.kz  хабарлайды.

Мүлік компания басшыларына сот үкімі шыққанға дейін тәркіленді. Компания басшылары букмерлік қызмет атын жамылып, заңсыз ойын бизнесі, қаражатты жылыстату және бюджетке салық төлеуден жалтару үшін қылмыстық схема ұйымдастырған. Қазір күдіктілер халықаралық іздеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу