Олимпиада, Паралимпиада мен әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетін болады?

709

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының мүшелеріне берілетін ақшалай сыйақы мөлшері белгіленген құжатты әзірледі.  

Олимпиада, Паралимпиада мен әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетін болады? Фото: google

Бұйрық жобасын жария талқылау сәуірге дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz.

Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне:

  •  1-орын: 250000 доллар (жаттықтырушысына – 250000 доллар);
  •  2-орын: 150000 доллар (жаттықтырушысына – 150000 доллар);
  •  3-орын: 75000 доллар (жаттықтырушысына – 75000 доллар);
  •  4-орын: 30000 доллар (жаттықтырушысына – 30000 доллар);
  •  5-орын: 10000 доллар (жаттықтырушысына – 10000 доллар);
  •  6-орын: 5000 доллар (жаттықтырушысына – 5000 доллар).

Әлем чемпионаты (ересектер арасында): олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша:

  •  1-орын: 15000 доллар (жаттықтырушысына – 10000 доллар);
  •  2-орын: 7000 доллар (жаттықтырушысына – 5000 доллар);
  •  3-орын: 5000 доллар (жаттықтырушысына – 3000 доллар).

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша кемiнде 20 елдің (спорттық пәні немесе әрбiр салмақ санаты бойынша) өкiлдерi қатысқан жағдайда:

  • 1-орын: 2300 доллар (жаттықтырушысына – 2300 доллар);
  •  2-орын: 1800 доллар (жаттықтырушысына – 1800 доллар);
  •  3-орын: 1100 доллар (жаттықтырушысына – 1100 доллар).

Жазғы, қысқы Азия ойындары, Азия Паралимпиадалық ойындары:

  •  1-орын: 10000 доллар (жаттықтырушысына – 5000 доллар);
  •  2-орын: 5000 доллар (жаттықтырушысына – 3000 доллар);
  •  3-орын: 3000 доллар (жаттықтырушысына – 2000 доллар).

Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада:

  •  1-орын: 15000 доллар (жаттықтырушысына – 15000 доллар);
  •  2-орын: 10000 доллар (жаттықтырушысына – 10000 доллар);
  •  3-орын: 5000 доллар (жаттықтырушысына – 5000 доллар).

Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары:

  • 1-орын: 10000 доллар (жаттықтырушысына – 5000 доллар);
  • 2-орын: 5000 доллар (жаттықтырушысына – 3000 доллар);
  •  3-орын: 3000 доллар (жаттықтырушысына – 2000 доллар).

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты:

  • 1-орын: 2300 доллар (жаттықтырушысына – 2300 доллар);
  •  2-орын: 1400 доллар (жаттықтырушысына – 1400 доллар);
  •  3-орын: 900       доллар (жаттықтырушысына – 900 доллар).

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) әлем чемпионаты:

  • 1-орын: 3500 доллар (жаттықтырушысына – 3500 доллар);
  •  2-орын: 2300 доллар (жаттықтырушысына – 2300 доллар);
  •  3-орын: 1100 доллар (жаттықтырушысына – 1100 доллар).

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату:

5000 доллар (жаттықтырушысына – 3000 доллар).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу