Олимпиадаға іріктеу: Асланбек Шымбергенов ширек финалда жұдырықтасады

346

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Бусто-Арсицио (Италия) қаласындағы іріктеу турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 

Олимпиадаға іріктеу: Асланбек Шымбергенов ширек финалда жұдырықтасады Фото: Olympic.kz

71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асланбек түркіменстандық жас боксшы Байрамдұрды Нұрмұхамедовты аса тартысты жекпе-жекте жеңді.

Бірінші раундты Шымбергенов сенімді түрде ұтқанымен, екінші раундта түркімен боксшысы 3:2 есебімен өз пайдасына жазды.

Шешуші раундта да екі боксшы барын салды. Нәтижесінде, Асланбек Шымбергенов келесі кезеңге өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу