Олимпиадаға іріктеу: Боксшы Римма Волосенко жартылай финалға шыға алмады

606

60 келіде сынға түскен Волосенко төрешілердің бірыңғай шешімімен словакиялық Мирослава Единаковдан жеңілді.  

Олимпиадаға іріктеу: Боксшы Римма Волосенко жартылай финалға шыға алмады Фото: olympic.kz

Қазақстандық Римма Волосенко Бусто-Арсициодан (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында сүрінді, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін Жайна Шекербекова да жарысты аяқтаған еді. Ол 51 келіге дейінгі салмақтағы бірінші жекпе-жегінде нигериялық спортшы Шукура Каримге жол берді. Жайна нигериялықты бірінші раунд қорытындысы бойынша жеңіп тұрғанымен, қалған екі раундта төрешілердің төртеуі жеңісті қарсыласына берді. Осылайша, Олимпиада жолдамасына таласа алмайтын болды. 

Айта кетейік, олимпиадаға іріктеу турнирі 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу