OLX арқылы ең көп ізделетін вакансия анықталды

1318

OLX сауда алаңы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады.

 OLX арқылы ең көп ізделетін вакансия анықталды

OLX сауда алаңы арқылы қандай вакансиялардың көп ізделетіні анықталды, деп хабарлайды abctv.kz.

Капитал.kz - тің мәліметінше, OLX арқылы ең көп ізделетін вакансия – көлік жүргізуші. Сауда алаңының "Іздеу" қызметі анықтап бергендей, бұл елімізде сұранысқа ие вакансия. Одан кейінгі орындарда сатушы, үй қызметкері, бала күтуші және жүкші. Бұдан бөлек, "үй жинаушы", "даяшы" және "есепші" қызметтері де көп ізделеді.

Ал қаралымы көп, пікірлер көп жазылатын, телефон нөмірлері жиі қаралатын бөлім – пәтерлер бөлімі. OLX қолданушылары сатып алу үшін пәтер іздейді екен. Сондай-ақ тәулікке немесе ұзақ мерзімге пәтер іздейтіндер де көп.

"Электроника" бөлімінен жартыжылдықта телефондардан бөлек, ас үй техникасы, компьютерлер, видео және теледидар техникалары көбірек ізделген.

"Автокөлік" бөліміне енгендер автокөліктің қолданылған бөлшектерін іздейді. Бұдан бөлек, дөңгелек, насос, компрессор, ауа баптағыш сұрайтындар көп.

"Жиһаздар" бөлімінде сұранысқа ие дүниелер мыналар: диван, үстел, шкаф, орындық және кереует. "Сән және стиль" бөлімінде "көйлек", "туфли", "джинсы" және "крассовки" сөздері жиі теріледі екен.  

Ал құрылыс материалдарының ішінде кірпіш, цемент, түсқағаз және кафель сұранысқа ие.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу