Шорт-трек пен Байқоңыр құрметіне жаңа естелік монеталар таныстырылды

187

Монеталар банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Шорт-трек пен Байқоңыр құрметіне жаңа естелік монеталар таныстырылды Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап "Спорт" сериясынан "OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK" және "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар тұлғалар" сериясынан "БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ" коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK" монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925.

  • Массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм.
  • Дайындау сапасы – proof.
  • Номиналы – 1000 теңге.
  • Таралымы – 2000 дана.

Монета қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін шорт-трек спортына арналған.

"БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ" монетасы толықтай танталдан дайындалған. Аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы пайдаланылған.

  • Массасы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм.
  • Дайындау сапасы – proof.
  • Номиналы – 2000 теңге.
  • Таралымы – 500 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу