Олжас Бектенов: Біз барлық ірі мердігерлерді және олардың артында тұрғандарды білеміз

542

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының бүгін (үкіметтің кеңейтілген отырысында) берген тапсырмаларын іске асыруға бірден кірісті.

Олжас Бектенов: Біз барлық ірі мердігерлерді және олардың артында тұрғандарды білеміз

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты мен аумақтық органдарының жеке құрамын жиып, дереу кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент мемлекеттік органдардың елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тиімді жұмысының жеткіліксіздігіне байланысты қатаң сын айтты. Мемлекет басшысы айтқан кемшіліктердің бірі – жемқорлық", – деді Бектенов.

Антикор басшысы барлық бөлімше басшыларына жол құрылысы мәселесі бойынша дереу егжей-тегжейлі ақпарат беруді тапсырды.

"Біз барлық ірі мердігерлерді және олардың артында тұрғандарды білеміз. Республикалық және жергілікті жолдарды салу кезінде анық қателіктер туралы ақпарат бар. Басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп бұл мәселеде тәртіп орнатамыз. Бұл ретте адал бизнестің жұмысына араласуға жол беруге болмайды", – деп атап өтті Бектенов.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының баға белгілеуді бақылау, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жаңа ұлттық жобаларды әзірлеу мәселелеріне қатысты тапсырмалары талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу