Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бір ай ішінде металлургия саласын дамытудың жаңа ынталандыру тетіктерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бір ай ішінде металлургия саласын ынталандырудың қосымша тетіктерін әзірлесін. Түсті металлургияда министрлік “Тау-Кен Самұрық” компаниясымен бірлесіп, отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын толық жүктеуді, оның ішінде импорттық алтынды ел ішінде аффинаждау үшін жеткізуді қамтамасыз етсін. Қара металлургияда Qarmet компаниясын жаңғырту бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда барынша сұранысқа ие өнім түрлерінің тізбесін кеңейтсін", — деп тапсырды Олжас Бектенов.