Олжас Бектенов Минскіде өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырыстарына қатысты

429

Келесі отырыс Ашхабадта өтеді.  

Олжас Бектенов Минскіде өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырыстарына қатысты Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Минск қаласында ТМД ұйымына мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шағын форматта делегация басшылары ғылыми-технологиялық саладағы ынтымақтастық пен экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.

Достастық елдерінің ЖІӨ-дегі жиынтық көлемі жыл сайын орта есеппен 4,5%-ға өсіп отыр. Бес жыл ішінде ішкі сауда 40%-ға артты. Өткен жылы еліміздің ТМД мемлекеттерімен жалпы тауар айналымы 37,3 млрд долларды құрады, соның ішінде қызметтер саудасының көлемі 9,4%-ға артып, 4,3 млрд долларға жетті.

"Біз мемлекеттік басқарудың барлық саласын қамтитын цифрлық күн тәртібін қарқынды түрде дамытып жатырмыз. Бұл түрлі әлеуметтік мәселені және азаматтардың күнделікті өмірінің көптеген аспектісін шешуге мүмкіндік береді. Біз отандық цифрлық өнімдерді экспорттауға ерекше назар аударамыз. Қазақстан жинақтаған тәжірибесін шетелдік серіктестерімен кеңінен бөлісіп келеді, Достастық бойынша әріптестерімен де осы бағыттағы ынтымақтастықты дамытуға дайын", – деді Олжас Бектенов.

Жиында көлік-транзиттік әлеуетті жаңғырту, ШОБ-ты қолдау, орман ресурстарын ұтымды пайдалану және ағаш өңдеуді дамыту саласындағы өзара іс-қимылға да назар аударылды. 

Экологиялық материалдарға әлемдік сұраныстың өсуіне байланысты шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндірісіне көшудің де маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша халықаралық бірқатар құжатқа қол қойылды.

ТМД ұйымына мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 2026 жылдың бірінші жартысында Ашхабадта өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу