Ол Үкімет отырысында жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мемлекет басшысы еліміздегі туризм мен инфрақұрылымның дамуына баса мән беріп, оның инвесторлар үшін айтарлықтай тартымды сала екенін атап өтті. Осы бағытта алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Аида Ғалымқызы Балаеваның төрағалығымен Жедел үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Туристік нысандардағы инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласына тұрақты негізде тексерулер жүргізіліп келеді. Жалпы, өңірлерде оң серпін бар. Бірақ бұл, әрине, жеткіліксіз, – деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жуырда Алматы облысына барған жұмыс сапарында туристік саланың дамуын сынға алған еді. Президент өңірдің туристік әлеуеті мен инфрақұрылымын жедел қарқынмен дамыту қажеттігін жеткізді.
– Барлық әкімдікке туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған тиісті инфрақұрылымды жедел қарқынмен дамытуды тапсырамын. Саланың жай-күйі әкімдердің тұрақты бақылауында болуы тиіс, – деді Премьер-министр.