Олжас Бектенов Перизат Қайрат ісі жайлы ойын айтты

1090

Үкімет басшысы бұл оқиғадан хабардар.  

Олжас Бектенов Перизат Қайрат ісі жайлы ойын айтты Фото: inbusiness.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов атышулы іс бойынша пікір білдірді деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер Перизат Қайрат ісінен кейін қайырымдылық қорларына қойылатын талаптар өзгере ме деп сұрады.

Үкімет басшысы бұл жағдайдан хабардар екенін айтты.

"Өкінішке қарай, бюджет қаржысы ғана емес, азаматтардан жиналған қайырымдылық қаржысы да мақсатсыз жұмсалып жатқанын өмір көрсетіп отыр. Бұл – соның айқын бір мысалы. Бұл жалғыз жағдай емес, басқа да осындай мысалдар бар. Алайда, бұл жағдай ең атышулы оқиға деуге болатын шығар", – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, елде қаражат жинау тәртібін реттейтін тиісті заңнамалық өзгерістер қажет.

"Құқық қорғау органдары ақша жымқырудың қалай жүзеге асқанын көрсетеді деп ойлаймын. Сол кезде мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуге болады", – деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу