Олжас Бектенов телефонмен сөйлескен соң Үкімет отырысынан шығып кетуге мәжбүр болды

Әлеуметтік желі қолданушыларының дені Үкімет басшысына ел Президенті қоңырау шалды деп ойлайды.  

Олжас Бектенов телефонмен сөйлескен соң Үкімет отырысынан шығып кетуге мәжбүр болды Фото: Видеодан скриншот

Әзірге Премьер-министрдің нақты не үшін шығып кеткені, кіммен сөйлескені белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиында Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрін ант қабылдауға шақырған еді. 

– Өздеріңіз білетіндей, өткен аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық заңға сәйкес, Үкіметтің жаңа мүшесінің ант беруін сұраймын, – деді ол. 

Жаңа министр Жұлдыз Сүлейменова ант беруге шықты.  Сол сәтте Премьер-министрдің алдында тұрған ақ телефон безілдеп қоя берді. Телефонмен санаулы секунд сөйлескен Үкімет басшысы ойламаған жерден сыртқа шығып кетуге мәжбүр болды.

Министр Жұлдыз Сүлейменова ант қабылдап орнына отырған соң Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жанындағы вице-премьер – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевпен тез арада ақылдасып, отырысты жалғастыруға шешім қабылдады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Олжас Бектенов өз орнына оралып, тізгінді қолына алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу