Олжас Төлеуов Ұлттық банк төрағасына кеңесші болып тағайындалды

930

Tengenomika телеграм-каналының авторы енді Ұлттық банк төрағасына кеңес беріп отырады.  

Олжас Төлеуов Ұлттық банк төрағасына кеңесші болып тағайындалды

Жас экономист Олжас Төлеуов бүгін Ерболат Досаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қаржылық бақылаушы ұйымы берген түсініктемеге қарағанда, ол ақша-несие саясаты жөніндегі шешімдерді қабылдауға жәрдемдесуі тиіс. 2-ші қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Ақша саясаты бойынша арнайы комитет құруға тапсырма бергені бар. Осыған орай, Бас банкирдің міндеттемелері екі еселеніп отыр. Кеңесші алуына осы себеп болса керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу