Олжас Жұмағұлов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

1011

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Олжас Жұмағұлов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған. Американдық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.

2013-2016 жж. ҚР Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.

2016-2018 жж. ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында ҚР инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды.

2018-2019 жж. — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.

2019 жылдың тамыз айынан бері — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу