Таяу Шығыс аймағында қалған жүздеген қазақстандық елге оралды. Олар арнайы рейспен Оман елінен жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көлік министрлігінің мәліметінше, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындады.
Рейспен Қазақстанға 314 адам, оның ішінде балалы жолаушылар жеткізілді.
"Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен және әуе тасымалдаушылармен бірлесіп жалғасып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу