Оман тәуліктік мұнай өндіруді 5-10%-ға қысқартуға дайын

1110

Оман тәуліктік мұнай өндіруді 5-10%-ға қысқартуға дайын

Оман күнсайынғы мұнай өндірісін 5-10%-ға қысқартуға әзір. Бұл туралы  тілшілерге сұлтанаттың мұнай және газ министрі Мұхаммед бен Хамад ар-Румхи мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

"МЭЕҰ мүше және ұйымға кірмейтін елдер арасында қазір сөз болып жатқан мұнай өндірісін Оман 3 немесе 4%-дан артық қысқартуға дайын. Біз өндіру көлемін 5-10%-ға төмендетуге дайынбыз", – деді ол. Дей тұрғанмен, ар-Румхи оның көлемі қанша болатынын нақтылаған жоқ.

Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, сұлтанат тәулігіне 1 млн баррель шамасында мұнай өндіреді. МЭЕҰ мүше емес Оман Таяу Шығыстағы  ірі мұнай өндіруші болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу