Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының жанында жол көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Бүгін сағат 10.27 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолында, Набережное ауылының жанында жол апаты тіркелді. "Форд" мен "Хонда" маркалы автокөлік соқтығысып, "Хондада" отырған екі адам көз жұмды", – дейді департаменттен.
Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        