"Омикрон" мұнай бағасына әсер ете ме?

942

Биыл мұнайдың бағасы бір баррель үшін 70-79 доллар болуы ықтимал.

"Омикрон" мұнай бағасына әсер ете ме?

Әлемде "омикрон" штамының тарауына қарамастан мұнай нарығындағы қазіргі ахуал позитивті деп бағаланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көмірсутектер нарығындағы сұраныс бойынша оң күтулер, әлемдік мұнай қорларының төмендеуі және ОПЕК+ елдерінің өндірісті ақырындап арттыруы аясында 2021 жылғы желтоқсанда Brent сұрыпты мұнай бағасы бір баррель үшін 77,8 долларға дейін немесе 10,2%-ға өсті", – деп жазылған хабарламада.

Биыл 4 қаңтарда ОПЕК+ мұнай өндіруді ақпанда тәулігіне 400 мың баррельге ұлғайту туралы шешім қабылдады. Қазіргі мұнай өндіру қарқыны сақталған кезде 2020 жылы қабылданған шектеулер 2022 жылғы қыркүйектің соңына қарай толығымен алынуы мүмкін. 

"ОПЕК+ "омикрон" штамының таралуы бұрын болжанғанға қарағанда әлемдік сұранысқа аздап әсер етеді деп күтеді. Биыл қаңтарда БАӘ мұнай инфрақұрылымына Йеменнен келген көтерілісшілердің шабуылы салдарынан сұраныстың күшеюі мен жеткізілімдердің іркілістері аясында Brent мұнай бағасының бір баррелі 89 доллардан асты. Алайда АҚШ-та мұнай қорының аздап өсуінен кейін соңғы күндері мұнай бағасы бір баррель үшін 87 долларға дейін түзелді", – деп жазылған хабарламада.

EIA жаңартылған бағалауы бойынша 2022 жылы мұнайдың бір баррелі 70,1 доллардан 75 долларға дейін өседі.

"Мұнайдың орташа айлық бағасы бір жылда бір баррель үшін 78-79 доллардан жылдың соңына қарай 70 долларына дейін біртіндеп төмендейді деген болжам бар. "Омикрон" штамын жұқтырудың жоғары қарқынына және әлемде жаңа жағдайлардың тәулігіне рекордтық өсуіне (биыл 20 қаңтардағы ДДСҰ дерегі бойынша тәулігіне 3,77 млн адам) қарамастан жаңа штамм ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің мейлінше төмен деңгейімен сипатталады. Бұл нарықтағы алаңдаушылықты төмендетіп, энергия тасымалдағыштар бағасының қалпына келуіне алып келді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться