"Омикрон" штамы вакцина ектірген саяхатшыдан анықталды

1119

Науқаста ауру белгілері жоқ.

"Омикрон" штамы вакцина ектірген саяхатшыдан анықталды Фото: reuters.com

Аргентинада коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Науқас – ОАР елінен оралған саяхатшы. Оның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды. 

"5 желтоқсанда Ұлттық бақылау зертханасы Оңтүстік Африка Республикасынан қайтқан саяхатшының "омикрон" штамын жұқтырғанын растады", – деп жазылған мәлімдемеде.

Науқас 30 қарашада ОАР-дан АҚШ арқылы келген. Ол ұшар алдында және ұшып келген кезде өткен екі тест те оның сау екенін көрсеткен. 2 желтоқсанда қайтадан тексерістен өткенде, оның дертке шалдыққаны анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, саяхатшы коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған. Қазір науқаста ауру белгілері жоқ.

3 желтоқсанда "омикрон" жұқтырған Грекия азаматының COVID-19 дертіне қарсы екпе салдырғаны хабарланды. 60 жастағы кәсіпкер ОАР-дан Критке Еуропа елдерінің бірі арқылы қайтқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу