"Өмір бойы бас бостандығын айыруды сұраймын": Сотта Шерзаттың анасының өтініші оқылды

Бүгін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі өтіп жатыр.  

"Өмір бойы бас бостандығын айыруды сұраймын": Сотта Шерзаттың анасының өтініші оқылды Фото: zhogargy sot

Бұған дейін прокурор Дана Сәрсенбай Шерзат ісіндегі күдіктілерге 1,6 жылдан 23 жылға дейінгі жазаны сұраған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сот процесінде марқұм Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишимбиеваның өтініші оқылды. Ол күдіктілерге ең ауыр жазаны тағайындауды сұрайды. Оның сөзінше, бұл басқаларға сабақ болуы шарт. 

– Қазіргі уақытта мен үшін ең ауыр жол – баламның басына баратын жол. Мен бұл қайғы ешкімнің басына келмесін деп тілеймін. Ешқандай ана мен сияқты жыламасыншы. Құрметті сот мырза, осы қылмыстық іс қатаң және ауыр жазаланатын үкім шығарылса екен деймін. Өмір бойы бас бостандығын айыруды сұраймын. Кем дегенде 20-30 жылдан болсын. Әділ әрі қатаң шешім болса, басқаларға сабақ болар еді. Мұндай адамдар қоғамға қауіпті. Ертең тағы біреудің баласын өлтірмеуіне кім кепілдік береді? – деген өтінішін жәбірленуші тараптың адвокаты оқып берді. 

Бұған дейін Шерзат ісінде Шынасыл Абзалдан сотқа дейін 7 рет жауап алынғаны белгілі болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу