"Өмір бойына сотталды": Қытайда балабақша директорына қатаң жаза тағайындалды

Оқиға елдің Ганьсу провинциясында тіркелді.

"Өмір бойына сотталды": Қытайда балабақша директорына қатаң жаза тағайындалды Фото: Риа Новости

Балалар жаппай қорғасынмен уланған балабақшаның басшысынан басқа тағы 5 қызметкер түрлі мерзімге сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жэньминь Жибао басылымы Ланьчжоу қаласының орта деңгейдегі халық соты айыпталушыларды улы және зиянды тамақ өнімдерін өндіру және сату ісі бойынша кінәлі деп тапты әрі олардың қылмысын ауырлататын мән-жайлар анықталғанын жазады. 

Сот құжаттарына сай, балабақша басшылығы ас үй қызметкерлеріне балалар мен қызметкерлердің тамағына азық-түлік емес улы және зиянды заттарды қосуды тікелей тапсырған, бұл жәбірленушілердің денсаулығына ауыр зардабын тигізген.

Тяньшуй қаласындағы "Хэши Пэйсинь" балабақшасының іс жүзіндегі директоры Ли Хуэйфан саяси құқықтарынан айырып, 500 000 юань (74 600 доллар) тұратын жеке мүлкін тәркілей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Мекеменің меңгерушісі Чжу Цзинлинь 15 жылға бас бостандығынан айырылып, 300 000 юань (44 700 доллар) айыппұл салынды.

Ас үйдің тағы 4 қызметкері, Ню Айюань, Вэнь Яфан, Хэ Сюйся және Ань Чуньлин, алты жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру және айыппұл төлеу жазасына кесілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу