Өмірді сақтандыру компаниялары қазақстандықтарға 27 млрд теңге төлеген

1299

Сақтандыру төлемдерінің сомасы бір жылда 24%-ға өскен.

Өмірді сақтандыру компаниялары қазақстандықтарға 27 млрд теңге төлеген

2020 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) 27,2 миллиард теңге көлемінде төлем жүргізген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,5%-ға артық (22,1 миллиард теңге).

2020 жылғы ӨСК сақтандыру төлемдерінің көлемі сектордағы абсолютті рекорд болып саналады. 

Өткен жылы төлемдердің басым бөлігін "Халық-Life" ӨСК жүргізді: 9,7 миллиард теңге. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8,5%-ға артық (8,9 миллиард теңге). ӨСК төлемдерінің жалпы көлеміндегі компанияның үлесі – 35,6%.

Айта кетейік, "Халық-Life" сақтандыру саласына қарамастан, сектордағы барлық компания жүргізген төлемдердің сомасы бойынша үздік үштікке кіреді.

Сақтандыру төлемдерінің сомасы бойынша үздік үштікке "NOMAD Life" ӨСК (9 миллиард теңге) және "Мемлекеттік аннуитетті компания" ӨСК (2,4 миллиард теңге) енді.

Үздік үштікке енген компаниялардың ӨСК жиынтық төлеміндегі сақтандыру төлемдерінің үлесі – 77,3%. Бес жылда ӨСК сақтандыру төлемдері 71,8%-ға өскен.

Мұндай прогресс халық арасында өмірді сақтандыруға қызығушылықтың артуымен, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері нарығының дамуымен байланысты.

ӨСК төлемдері – сенімнің маңызды көрсеткіші. Себебі, өмірді сақтандыру компаниялары банк депозитіне ұқсас өнімді ұсынады. Осылайша, олар клиенттерге оқу және зейнетке шығу үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді.

Жинақтаушы сақтандыру шарттарының банк салымдарынан негізгі артықшылығы – қосымша сақтандырудың болуы.

Заң бойынша сақтандыру компаниясы өз тәуекелдерін басқа сақтандыру компаниясы есебінен өтей алады. Бұл көбінесе халықаралық рейтингісі жоғары шетелдік сақтандыру компаниясы болып саналады. Осылайша, бір сақтандырушы басқа сақтандырушының көмегімен қайта сақтандырылады.

Сондай-ақ қазіргі таңда өмірді сақтандыру бойынша барлық компаниялар, әрі үздік үштіктегі "Халық-Life" ӨСК, "NOMAD Life" ӨСК және "Мемлекеттік аннуитетті компания" ӨСК – кепілдік беру қорының қатысушылары. Сондықтар олар қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң аясында зейнетақы және аннуитеттік шарттар бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік береді. Мұндай сақтандыру шарттарында лимит жоқ. Ал банк депозитінде 10 миллион теңгеге дейін кепілдік берілетіні белгілі.

Өмірді сақтандыру секторы ең тұрақты салалардың бірі болып саналады. Тәуелсіздік жылдары еліміздің қаржы нарығында 136 банк жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Жалпы сақтандыру саласында 33 компанияның ішінде тек "ӨСК "АҚ Валют-Транзит Life" таратылды. Оған "Валют-Транзит Банк" АҚ-ның жабылуы себеп. Мұндай деректер банк секторымен және жалпы сақтандыру саласымен салыстырғанда өмірді сақтандыру компанияларының тұрақты жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. 

Өмірді сақтандыру компанияларының басым бөлігінің кредиттік рейтингісі жоғары. Мұндай бағаны халықаралық рейтинг агенттіктері берген.

Нарықтағы көшбасшы "Халық-Life" ӨСК өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компания арасында ең жоғарғы кредиттік рейтингке ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу