Өмірді сақтандыру компанияларының сыйақысы бір жылда 71%-ға өскен

1251

Қазақстанда сақтандыру нарығы өсім қарқынын сақтап отыр. Саладағы негізгі драйвер – өмірді сақтандыру секторы. 

Өмірді сақтандыру компанияларының сыйақысы бір жылда 71%-ға өскен

Өткен жылы өмірді сақтандыру компанияларының сақтандыру сыйлықақысының түсімі 392,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 71,3%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елде 27 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді. Олардың тоғызы өмірді сақтандыру компаниясы (ӨСК). Жалпы сақтандыру нарығында жұмыс істейтін компаниялардың саны қысқарып, өмірді сақтандыру компанияларының саны артып жатыр.

2021 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру компанияларының сақтандыру сыйлықақысының түсімі 392,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 71,3%-ға артық. Бұл ӨСК өнімдерінің танымалдығын көрсететін көпжылдық динамикадағы абсолютті рекорд болып саналады.

Нарықтың 65%-ы екі ірі ойыншының үлесінде – Nomad Life және "Халық-Life" өмірді сақтандыру компаниялары.

Өмірді сақтандыру компаниялары арасында 2021 жылы жиналған ең көп сыйлықақы Nomad Life ӨСК үлесінде: 128,5 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 78,3%-ға артық (72,1 млрд теңге).

Екінші орында "Халық-Life" ӨСК тұр: 124,8 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 87,6%-ға артық.

Үздік үштікті "Еуропалық сақтандыру компаниясы" ӨСК қорытындылайды: 31,8 млрд теңге (өткен жылғы көрсеткіш – 20,4 млрд теңге).

Соңғы жылдары Қазақстанда өмірді сақтандыру өнімдері халық арасында танымал бола бастады деп сенімді түрде айтуға болады. Әсіресе, инвестициялаудың баламалы құралдары есебінен. Жаңа заңнамалық жеңілдіктер мен ақпараттық және технологиялық компоненттер нарықтың одан әрі дамуына оң әсерін тигізіп отыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу